УГ 157/1 және УГ 157/9 пенитенциарлық мекемелерінде АИТВ инфекциясы бойынша санитарлық-ағарту жұмыстары

- admin_atsc
- 23.09.2021
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық ЖИТС ты алдын- алу және оған қарсы күрес орталығының алдын-алу және эпидемиологиялық бөлімшелерінің меңгерушілері м.а. Ерғалиева Э.Ж. және Тулемисова Ж.Б. УГ 157/1 және
УГ 157/9 пенитенциарлық мекемелерінде АИТВ- ның алдын- алу жұмыстары бойынша жоспарлы тексеру жүргізді. Сонымен қатар, УГ 157/1, УГ157/9 мекемелерінде қызметкерлер, тергеудегі адамдар арасында кездесулер өткізілді.
Ақпараттық- түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты- әр адам өзінің денсаулығы үшін жауапкершілігін, АИТВ жұқпасының алдын- алу және ақпараттандыруын арттыру.
Кездесулер барысында қатысушылар Атырау облысындағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайымен, аурулардың берілу және алдын- алу жолдарымен, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу және АИТВ жұқтырған адамдардың құқықтарын қорғаумен танысты. Қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.
comments powered by HyperComments