Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау қаласында халық арасындағы кең көлемді акция

2021 жылдың 22 қарашасында Бүкіләлемдік  ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай, ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен  ЖШС «Байзар» сауда орталығында  халық  арасында кең көлемді акция өткізілді.

Акцияға Атырау облысының ішкі саясат басқармасы, “Ақтөбе дамуы” Қоғамдық Қоры, Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және С.Мұқашев атындағы политехникалық колледжінің студенттері қатысты.

Облыстық ЖИТС орталығының директоры Қ.Нұрмұханов шараны  ашып, өз сөзінде биылғы жылы  Дүниежүзілік  Денсаулық  сақтау  ұйымының “Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті  тоқтату. Індетті  тежеу” ұрандарымен  қарсы алып  отырғанына  тоқталды.

Акцияның мақсаты- адамның иммун тапшылығы вирусымен өмір сүретін және ЖИТС тен қайтыс болған адамдарды еске алатын адамдарға жан-жақты қолдау көрсету, әр адамның ақпарат алуға, денсаулыққа, емделуге және тексерілуге құқығы бар екендігін, қоғамда  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасты жою және толыққанды өмір сүруге құқылы екендігі туралы  айтылды.

Шара барысында студенттер көрермендерге концерттік бағдарлама ұйымдастырды.  Белсенді қатысушыларға  ақшалай сыйлықтар табыс етілді.  Өз еріктерімен  23 адам  АИТВ-ға экспресс-тест тапсырып, ақпараттық материалдар таратылды.

Сонымен қатар, жергілікті “Қазақстан-Атырау” телеарнасы мен облыстық”Атырау”газетімен сұхбат пен түсірілім жүргізілді.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey