Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау энергетика және құрылыс колледжіндегі дөңгелек үстел

 2022 жылдың 14 қыркүйегінде Атырау энергетика және құрылыс  колледжінде  «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында қыз балаларға тәлім-тәрбие беру мақсатында бірлескен дөңгелек үстел өтті.

Шараға қатысушылар:

– ЖИТС  орталығының алдын алу бөлімінің маманы М.Баймұханова

– Атырау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі

әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты А.Орақбаева

–  №1 Атырау қалалық емханасының акушер-гинеколог дәрігері А.Сеитова

–  Атырау қалалық  ювеналды полиция бөлімінің учаскелік  инспекторы полиция майоры Қ.Жарқынбекова

Іс-шара  аясында  АИТВ/ЖИТС  туралы бейнеролик көрсетілді.  АИТВ-ның берілу жолдары туралы эпидемиологиялық ахуалы, берілу және алдын алу жолдары, өз статусын білудің маңыздылығы  туралы айтылды. Жастардың АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру, өз денсаулығына деген жауапкершілігін күшейтуге  бағытталды.

Шара соңында қатысқан  43 студент  пен мұғалімдерге  АИТВ/ЖИТС-тің  алдын алу туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey