«Теңдік уақыты!» ұранымен Атырау облысы Төтенше жағдай департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметкерлерімен семинар

- admin_atsc
- 24.11.2022
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2022 жылы 24 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған акция аясында Атырау облысы Төтенше жағдай департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметкерлеріне: «Теңдік уақыты!» ұранымен семинар өткізілді.
Шара ЖИТС орталығы және СӨСҚО мамандарының ұйымдастыруымен өтті.
Басты мақсат: ЖИТС- тің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар мен халықтың осал топтарының өмір сүру сапасын жақсарту, стигма мен кемсітушілікті жою.
Іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС туралы бейнероликтер көрсетіліп, 43 ақпараттық құралдар таратылды. Көптеген сұрақтарға жауаптар берілді.