Құлсары қаласындағы «Медикер Жайық» ЖШС медицина қызметкерлерімен кездесу

- admin_atsc
- 24.03.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2023 жылдың 15 наурызында Құлсары қаласындағы «Медикер Жайық» ЖШС медицина қызметкерлері арасында облыстық ЖИТС орталығының мамандары АИТВ – инфекциясы мәселелері бойынша семинар өткізді.
Семинарда Қазақстан Республикасы және Атырау облысы бойынша АИТВ жағдайы бойынша эпидемиологиялық ахуал, апатты жағдайлардың алдын алу және олардың тактикасы, байланысқа дейінгі және кейінгі алдын- алу, антиретровирустық терапия, стигма және кемсіту, АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарымен таныстырылды.
Жүкті әйелдерді есепке алу кезінде, жүктіліктің 28-30 аптасында және олардың жыныстық серіктестерін жүкті әйелдерді есепке алған кезде бір рет АИТВ-инфекциясына тексеру жөнінде айтылды. Сонымен қатар АИТВ-инфекциясын жедел тестпен тестілеу әдісі тәжірибе жүзінде көрсетілді.
Қатысқандар саны- 19 медицина қызметкер, оның ішінде 6- дәрігер, 13-медбике.
comments powered by HyperComments