Бизнес және құқық колледжінің студенттерімен семинар

- admin_atsc
- 09.10.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Облыстық АИТВ орталығының алдын алу бөлімінің маманы М.У.Баймуханова, №3қалалық емхананың «Үміт» жастар денсаулық орталығының маманы психолог Г.Телеубаева , колледждің педагогтары
В.Бертілеуова, Б.Ахметова бірлесіп, Атырау Бизнес және құқық колледжінің студенттерімен «Жастар арасында АИТВ-жұқпасынан алдын алудың маңыздылығы»тақырыбында жылдық жоспарға сай семинар өткізді.
Басты мақсат – студенттердің АИТВ мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру.
Семинар барысында АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, берілуі, аурудың алдын алу жолдары, байланысқа дейінгі алдын алу (БДА)-бұл АИТВ-жұқпасынан қосымша қорғаныш ретінде ұсынылатын профилактикалық дәрі қабылдау туралы айтылды.
Шара соңында АИТВ жұқпасының алдын алуға арналған бейнеролик көрсетіліп, оқу ақпараттық жадынамалар таратылды.
comments powered by HyperComments