Атырау қаласының оқушыларымен кездесу

- admin_atsc
- 21.11.2023
- Без рубрики
- Пікір жоқ
2023 жылдың 20 қарашада Атырау облыстық АИТВ– инфекциясының алдын алу орталығының алдын алу бөлімінің маманы Баймуханова М.У. Дүниежүзілік ЖИТС- пен күрестің күніне арналған «Көшбасшылық-қауымдастықтарға» ұранымен №23 А.Байтұрсынов, атындағы орта мектептердің мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың АИТВ / ЖИТС туралы білім деңгейін және олардың денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру.Кездесу барысында Қоғамдыстықтар ЖИТС-ке қарсы күреске белсене атсалысса, ЖИТС инфекциясын жеңуге болатындығы,АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, берілу және алдын алу жолдары, өз статусын білудің маңыздылығы, АИТВ инфекциясына шалдыққан адамдардың құқығын қорғау туралы айтылды.
Кездесуге 32 қатысушыға АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.
comments powered by HyperComments