Атырау облыстық АИТВ  орталығы

АИТВ-ның таралуына қарсы күрес: Қызметкерлермен ақпараттық кездесу

ЖШС «Альфа центр» және ЖК «Габдуллина» басшылары мен қызметкерлерімен кездесу өтті. Іс-шара барысында АИТВ мәселесіне ерекше назар аударылып, орталықтың алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігер көмекшісі Иманғалиева Жұпар дәріс оқыды.

Дәріс кезінде АИТВ туралы негізгі түсініктерді, оның жұғу жолдарын, алдын алу шараларын және қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, АИТВ-ның қазіргі жағдайы мен оның таралуына қарсы күрестегі ұжымның рөлі жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey