Науқан аясында әскерилер АИТВ тестілеуден өтті
- admin_atsc
- 12.11.2025
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін елімізде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» республикалық ақпараттық науқан өтуде.
Осы науқан аясында Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жеке құрамымен ақпараттық кездесу өткізді.
Кездесу барысында әскери қызметшілер АИТВ жұғу жолдары, алдын алу тәсілдері, тестілеудің маңызы және жеке жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат алды.
«Әскерилердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы маңызды. Бүгінгі кездесу барысында 50 адам жедел түрде АИТВ тестінен өтті, бұл профилактикалық шаралардың тиімді екенін көрсетеді», — деді мамандар
Осындай кездесулер жастар мен әскери қызметшілер арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыруға, АИТВ-ға қатысты стигманы азайтуға және қоғамдық санада дұрыс түсінік орнатуға ықпал етеді.
comments powered by HyperComments










