Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының пресс-релизі «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге»

ЖИТС-пен күрестің Дүниежүзілік күні 1 желтоқсанда аталып өтетіні баршаға мәлім. Атаулы күннің мақсаты – халық назарын АИТВ мәселесіне аудару. АИТВ-инфекциясымен күрес көптеген қаржы мен күшті талап етеді. Және бұл жолда кездесетін қиындықтар да аз емес. Сондықтан осыған дейінгі қол жеткізілген жетістіктерді қорғап, АИТВ-ға қарсы іс-қимылдарды күшейту маңызды.

Облыс көлемінде 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында ЖИТС-пен күрестің Дүниежүзілік күніне орай кампания өтуде.

Кампания кезінде үкіметтік емес ұйымдармен, жастар денсаулық орталықтарымен бірге акциялар, семинарлар, спорттық шаралар, брифингтер өткізу жоспарланған. Облыстық Ішкі саясат және Денсаулық сақтау басқармаларының ұйымдастыруымен 1 желтоқсанда жастарға арналған кең көлемді акция өткізіледі.
Сонымен қатар АИТВ орталығының мамандары апта сайын БМСК ұйымдарымен бірлесіп Атырау қаласының оқу орындарында студенттермен кездесу, дөңгелек үстелдер өткізуде.

​Барлық жергілікті емханалар мен облыстық АИТВ орталығында АИТВ-ға құпия, тегін, қажет болса анонимді түрде тест тапсыруға болады.

​Кампания кезіндегі Ашық есік күндерінде әрбір тілек білдіруші АИТВ орталығына келіп мамандар кеңесін алып, АИТВ-ға тексерілу үшін қан тапсыра алады.

АИТВ туралы сұрақтарға сенім телефондары 21-11-03, 8 778 122 37 69, вебсайт https://www.atyrauspidcentre.kz/, Инстаграм ocspid_atyrau парақшалары арқылы жауап алуға болады.

comments powered by HyperComments
Claudia Nolan
2025-11-19 22:08:20
Your blog is a true gem in the world of online content. I'm continually impressed by the depth of your research and the clarity of your writing. Thank you for sharing your wisdom with us.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey