Исатай аудандық ауруханасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
- admin_atsc
- 28.05.2026
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
21-22 мамыр күндері АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары іссапармен Исатай орталық аудандық ауруханасына барды. Іссапар барысында медицина қызметкерлерімен кездесулер өткізіліп, АИТВ инфекциясының алдын алу, ерте анықтау, эпидемиологиялық жағдай және қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар мамандар тестілеу, пациенттермен жұмыс жүргізу, құжаттамаларды рәсімдеу және инфекциялық бақылау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Кездесу барысында медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріліп, тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.
comments powered by HyperComments










