Атырау облыстық кардиологиялық орталығында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.
- admin_atsc
- 28.06.2026
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Атырау облыстық кардиологиялық орталығының медицина қызметкерлерімен кездесу өткізіп, АИТВ инфекциясының алдын алу, ерте анықтау, жұғу жолдары, заманауи диагностика және профилактика шаралары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, медицина қызметкерлеріне ақпараттық-әдістемелік материалдар таратылды. Мұндай іс-шаралар медициналық ұйымдарда эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған.
comments powered by HyperComments










