Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің медицина қызметкерлеріне арналған ақпараттық-танымдық дәріс

Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің медицина қызметкерлеріне арналған ақпараттық-танымдық дәріс өткізді.

Іс-шара барысында мамандар АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары, кәсіби қауіпсіздік талаптары және медицина қызметкерлерінің биологиялық материалмен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар қатысушыларға АИТВ-ның ерте диагностикасының маңыздылығы, тестілеуден уақытылы өтудің қажеттілігі, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелері түсіндірілді. Дәріс барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, өзара пікір алмасты.

Мұндай кездесулер медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіруге, кәсіби қауіпсіздікті арттыруға және АИТВ инфекциясының алдын алу бағытындағы жұмысты күшейтуге ықпал етеді.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey