№3 емхана қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша дәріс өткізілді
- admin_atsc
- 30.07.2026
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары №3 қалалық емхананың медицина қызметкерлеріне ақпараттық-танымдық дәріс өткізді.
Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары, ерте диагностиканың маңызы, медициналық қызметкерлердің қауіпсіздік ережелерін сақтауы және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің өзектілігі талқыланды. Дәріс соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
comments powered by HyperComments










