ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
- admin_atsc
- 17.11.2026
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау қаласындағы №31 мектепте оқушылардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, АИТВ инфекциясы туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру және инфекцияның алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында мамандар оқушыларға АИТВ инфекциясының не екенін, оның таралу жолдарын, жұғу қаупі бар жағдайларды және одан қорғану шараларын түсіндірді.
Сонымен қатар жеке бас гигиенасын сақтау, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын ұстану, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.
Іс-шара барысында оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, тақырыпқа қатысты маңызды ақпараттар қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты сауаттылығын арттыруға, дұрыс көзқарас қалыптастыруға және АИТВ инфекциясының алдын алу мәдениетін дамытуға бағытталған.
Денсаулықты қорғау – білім мен жауапкершіліктен басталады!
comments powered by HyperComments










