Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Бұны саған білу маңызды!

Кеңес беру

1

АИТВ-ның жұққанын, жұқпағанын тексерудің бір ғана жолы ол- тесттен өту. АИТВ жұқпасына тесттен өту адам денсаулығын сақтау үшін маңызды. АИТВ-мен ауыратын адамдарға көрсетілетін көмек түрлері және емделуге қол жетімділіктің артуы, медициналық қызметтің дер кезінде көрсетілуі, пациенттің өз статусы туралы біліміне байланысты. Нәтижелері өмірді және карьераны  жоспарлауға, өз  денсаулығына,  қауіпті  жыныстық  тәжиірибелерге, зиянды және қауіпті субстанцияларды қолдануға қатысты көзқарасына әсер етеді.

Қазіргі таңда Қазақстанның барлық қалаларында тесттен өту қол жетімді.

АИТВ-ға өз бетімен кеңес алу мен тесттен өту дүниежүзілік тәжиірбеде АИТВ эпидемиясының таралуының алдын алудағы бастапқы тиімді  жол  ретінде жалпытанымға ие болды.  Кеңес берушімен құпия түрде кеңес алу АИТВ-жұқпасын жұқтыруға байланысты жеке қауіп факторларын  талқылауға және қауіпсіз әлеуметтік жүріс-тұрыс дағдысын таңдауға көмегін тигізеді.

АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында тұрақты негізде кез келген адам жасырын түрде АИТВ-ға ақысыз тесттен өте алады.  Қазақстан Республикасы азаматтары, Атырау  облысы  тұрғындары тіркелген емханасы мен Атырау облыстық  АИТВ орталығында  АИТВ-ға құпия түрде ақысыз тесттен өтіп, кеңес ала алады.

 Емдеу

2

Емдеу-алдын алу жұмыстары бөлімінде АИТВ-жұқтырғандарға арнайы медициналық көмек  көрсетіледі. Пациенттер мен олардың жанұя мүшелері де әдістемелік-кеңес және психологиялық көмек алады.

Бүгінгі таңда вирустың көбеюіне тосқауыл қоятын, иммундық статустың көрсеткіштерін жақсартатын немесе сақтайтын және иммунотапшылықтың арқасында пайда болатын жұқпалардың бетін қайтаратын немесе емдейтін тиімді терапиялық жол ойластырылған. АИТВ-ны бақылаудың әзірге  бір ғана жолы – ол  антиретровирустық терапия (АРТ).  АИТВ оң нәтижелі адамға  дер кезінде және дұрыс қолданған ем денсаулығын сақтауға және сапалы ұзақ өмір сүруге мүмкіндік береді.

Үздіксіз тексеруден өту  АРТ-ны дер кезінде тағайындауға мүмкіндік береді. Одан басқа да, түпкілікті қадағалау оппортунистік инфекцияларды  дер кезінде анықтап, науқастың өмірінің сапасын  жақсартып қана қоймай, оның мерзімін де ұзартуға мүмкіндік береді. Емделушілердің көпшілігі емді орталыққа келіп амбулаториялық түрде алады. Емге мұқтаж  Еліміздің барлық тұрғындары мен Атырау облысының тұрғындары арнайы АРТ-ы ақысыз қабылдайды.

Қазіргі кезде АИТВ жұқтырғандардың  көпшілігі,  диспансерлік  есепте тұрып, әрдайым дәрігердің қарауында болса да, оқуын, жұмысын  тоқтатпай  белсенді өмір сүріп жатыр. Көрсетілімдері болған жағдайда  емделушілерге медициналық көмек   стационарда және үйде  көрсетіледі.   Орталықтың маңызды жетістігі – Атырау облысының емдеу мекемелерінде АИТВ  жұқтырған  аналардан,  жүктілік пен босану кезінде балаларына жұқтыру қауіпін төмендету  бағдарламасын енгізу.  Бұндай  көкейкесті  мәселе, бүгінгі күні ерекше мәнге ие болуда, өйткені АИТВ-жұқпасын жұқтырған кейбір әйелдер бала көтеруге бел буып отыр. Арнайы алдын алу бағдарламаларын жүргізудің арқасында, АИТВ  жұқтырған балалардың дүниеге келу мүмкіндігі, бүгінгі таңда төмендеген.

 Алдын алу шаралары

3

 АИТВ-ның жұғу қасиеттілігі төмен және қорғанудың қарапайым жолдары жұқтыру қаупін  жүздеген және мыңдаған есе төмендетеді.  АИТВ-ның таралуы адамдардың мінез- құлықтарына, жүріс-тұрыстарына байланысты. АИТВ-мен күрестің ең тиімді жолы – ол  тек қана қауіпсіз жүріс-тұрысты, қатынасты таңдау, яғни жыныстық  қатынас кезінде қорғану   құралдарын қолдану, ерте жыныстық  қатынасқа, есірткі мен қорғалмаған қатынасқа  «жоқ» деп айта білу. АИТВ жайында ақпаратты мектептен, колледжден, институттан және ЖИТС мәселесімен айналысатын  ұйымдар  өткізетін  акцияларда  алуға болады, дегенмен  қауіпсіз жүріс-тұрысты қолдау дағдысы тек Өзіңізге байланысты.

Біз жастар арасында волонтерлерді дайындаймыз,  тренингтерде мұғалімдер мен педогогтарды, медицина қызметкерлерін  оқытамыз.Білім басқармасы, Ішкі істер департаменті, Қорғаныс  министрлігі, түзету ұйымдары басқармасы,тағыда басқа ведомстволық ұйымдармен де жұмыс жасаймыз. Тренинг элементтерін қолдана отырып, жұмысшы жастар, бизнес ұйымы басшылары мен түрмеде отырғандарға дәрістер, семинарлар  өткіземіз.

«Қауіптілікті төмендету» бағдарламасының аясында, облыста  есірткіні инъекциялық жолмен қабылдайтындарға арналған 3 сенім пунктері және  жастарға арналған 2 достастық кабинеттері  жұмыс істейді. Оларда келушілерге қорғаныс құралдары мен ақпараттық  материалдар таратылады, емдеу және қаралу, кеңес беру жүргізіледі.

Сонымен қатар, біз медициналық  ұйымдармен  ауруханаішілік  және кәсіби жұқтырудың алдын алу бойынша жұмыс істейміз.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey