Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Бизнес объектілерінің қызметкерлері үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәрістер

2024 жылдың 22- 26 шілде  аралығында  АИТВ инфециясының  алдын  алу орталығының маманы М.Баймуханова Атырау қаласының бірқатар мекемелерінде: « Өнерпаз »,«Көктем» ЖШС, «Ак ниет», «Абишева Д. » ЖК  қызметкерлеріне  дәрістер өткізді. Мақсат-  бизнес құрылымдар мен халықтын арасында АИТВ/ЖИТС  туралы  хабардар болуын  және өз денсаулығына байланысты  жауапкершілігін  арттыру. Дәріс барысында АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, таралу жолдары мен аурудың…

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды 22.07.2024

Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ КМК-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Кездесу барысында қатысушыларға Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасынан 22.07.2024 жылы келіп түскен ақпараттық хат таныстырылды. Одан бөлек, емхана қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністері мен тәуекелдерінің орын алуын болдырмау және олардың алдын алу, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы…

Құрманғазы аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерімен кездесу

2024 жылдың 24-26 шілде аралығында  облыстық АИТВ-  инфекциясының алдын алу орталығының   мамандары Г.А. Умарова мен  Д.О.Жарылғасова Құрманғазы ауданына  іссапармен  барып ,  аудандық  аурухананың  медицина қызметкерлеріне   жоспарға  сәйкес әдістемелік  көмек  көрсетті. Ұйымдастыру-  әдістемелік көмек  барысында   медицина  қызметкерлеріне  Атырау облысының  эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ туралы  нормативтік құқықтық актілері, АИТВ-ға міндетті түрде тексерілетін  контингенттер, медициналық мекемелерде апаттық жағдайлар туындағанда…

Балалар тіс емханасында «АИТВ-инфекциясыныңалдыналу» мақсатында семинар жүргізілді

19 шілде  2024 жылы  облыстық  АИТВ инфекциясының  алдын алу   орталығының  бөлім меңгерушісі А.Серікбаева  Балалар тіс емханасының медицина қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар өткізді. Іс-шара барысында медицина қызметкерлеріне облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы, АИТВ/ЖИТС жөніндегі нормативтік құқықтық актілері, АИТВ-ға міндетті түрде тексеруге жататындарды тестілеу бойынша  және  апаттық жағдай  туындағандағы  іс әрекетер туралы  ақпарат берді.

Бизнес қызметкерлеріне дәріс

АИТВ орталығының маманы Мереке Баймұханова «Атырау Қалқан -Секьюрити», «КазСнаб КZ»,«Суфле»ЖШС қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында дәріс оқыды. Іс-шараның мақсаты – халықты АИТВ инфекциясының жұғу жолдары мен сақтық шаралары туралы ақпараттандыру. Спикер тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясы туралы толық мағлұмат беріп, Атырау облысындағы эпидемиологиялық жағдаймен, заманауи профилактикалық шаралармен, АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарды кемсітпеукеректігі туралы таныстырды.

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы   Ж.Иманғалиева «АИТВ-инфекцияны алдын алу» тақырыбына байланысты ЖШС«ЛАРА-Сервис» және ЖК «САНА-Сервис»жастарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының жұғу жолдарын, алдын алу шараларының маңызын, стигмамен кемсітушілікпен күрес мәселелері бойынша айтып өтті.

«АИТВ жұқпасы кез келген адамға қатысты»

2024жылдың 11шілдесінде  Атырау  облыстық  АИТВ  орталығының алдын-алу бөлімінің маманы Ж.Иманғалиева«Атыраугазинвест», «Khazar Service Company»ЖШС бизнес құрылымдарына АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Дәріс барысында салауатты өмір салтын ұстану,адамның сыртқы келбеті бойынша оның АИТВ бар екенін түсіну мүмкін емес екенін, АИТВ инфекцияның адам ағзасында бар-жоғын білудің жалғыз жолы-АИТВ-ға тест тапсыру екенін атап өтті.

Құттықтаймыз!

Ләззат Еділханқызы!Сізді бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймыз.Сіздің тынымсыз кәсібіңізге деген адалдықтарыңыз, болып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқаныңыз үшін зор алғысымды білдіреміз. Кәсіби мерекеде игі бастамаларыңызға зор шығармашылық табыс, мықты денсаулық, отбасыңызға  бақ-береке тілейміз! Құрметпен, Атырау  облыстық  АИТВ-инфекциясының  алдын алу орталығының  ұжымы

Әдістемелік көмек көрсетілді

2024 жылдың 27 маусымында облыстық АИТВ   орталығының   бөлім меңгерушілері  Т.Шаменов  және  А.Серікбаева «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында облыстық аурухананың медицина қызметкерлеріне  семинар сабағын өткізді. Семинардың мақсатыАИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясы бойынша білім деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясынын  ерте анықтау. АИТВ-инфекциясы кезіндегі сақтық шаралары,  апаттық жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер алгоритмі, стигма және дискриминация туралы  сұрақтарға тоқталды.

Құрманғазы ауданындағы ҮЕҰ кездесу

2024  жылдың 15  маусымында   Атырау   облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының  алдын алу  бөлімінің  меңгерушісі  А.СерікбаеваҚұрманғазы  ауданындағы ҮЕҰ «Құрманғазы туған жер» мен бірлесіп   “Халықтың негізгі топтары   арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша»   кездесу  өткізді.  Кездесуде облыстағы эпидемиологиялық ахуал, соның ішінде жастар арасындағы  таралу көрсеткіштері, облыстағы  ұйымдастырылған және жоспарланған шаралар, жедел тестке қойылатын талаптар  туралы  баяндады.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey