Атырау облыстық АИТВ  орталығы

АИТВ жұқпасы бойынша семинар

9 ақпан 2023 жылы облыстық ЖИТС орталығының дәрігері А. Серікбаева ” Атырау Облыстық патологиялық-анатомиялық бюросы ” медицина қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясы бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Семинар барысында маман қатысушыларға облыстағы эпидемиологиялық жағдайды, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстырды. Сонымен қатар апаттық  жағдайлар туындаған кезде АИТВ-инфекциясынан қорғанудың және оның  алдын алудың  жолдарын түсіндірді. Семинар соңында қатысушылар тараптарынан қойылған сұрақтарға жауаптар…

Бизнес құрылымындар арасында АИТВ жұқпасын алдын алуға бағытталған дәрістер

        2023 жылдың 23-27 қантар аралығында Атырау облыстық  ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы Баймуханова М.У. «АИТВ/ЖИТС -ті білу маңызды!»  тақырыбында   «Батыс Франгайзинг», «Жемчужина», «FORA  TRADE» ЖШС, « Капизов» ЖК бизнес құрылымдар  қызметкерлерінің   арасында дәрістер өткізді.   Кездесудің басты  мақсаты –халықты АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық ахуалын , берілу және  алдын алу жолдарын, өз статусын білудің…

АИТВ-ның алдын алу бойынша облыстық семинар

2023  жылдың  26 қаңтарында Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығының базасында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы  17  қаңтардағы  № 13 бұйрығына сәйкес,  қалалық және аудандық бастапқы медико-санитарлық ұйымдардың госпиталды эпидемиологтары мен жеке меншік  медициналық  ұйымдардағы    ЖИТС-ке жауапты дәрігерлері арасында «Медицна ұйымдарында АИТВ инфекциясының алдын алу  шараларының  жағдайы  және тестілеудің  преаналитикалық  кезеңіне…

АИТВ инфекциясы туралы дәріс

      2023 жылдың  20-24  қаңтар  аралығында Атырау  ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы  Ж. Иманғалиева  бизнес құрылымдар арасында АИТВ инфекциясы туралы дәрістер өткізді. Кездесу  ЖК «Алпатанова»,  «Спецавтобаза», «Bigma Development», «Rapid Investment» ЖШС  қызметкерлері  арасында  өтті. Маман АИТВ инфекциясы  туралы  эпидемиологиялық ахуал, берілу және аурудың алдын алу жолдарын, өз статусын білудің маңыздылығын айтып түсіндірді. Дәріс соңында…

Оқушылармен кездесу

Атырау облысы ЖИТС-ке қарсы күрес және  алдын алу  орталығының   маманы  Ж.Иманғалиева  М.Бекмұхамбетов  атындағы  орта мектептің  9-10-11 сынып оқушыларымен  кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында  АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары және оның алдын-алу жөнінде ақпараттар беріліп, оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Маман қойылған  сауалдарға, толыққанды  жауап беріп, қатысушыларға оқу ақпараттық құралдары таратылды.  

Қазақстан тұрғындары тегін дәрі-дәрмек алуға құқылы.

  • admin_atsc
  • 15.12.2022
  • Видео
  • Пікір жоқ

Қазақстан тұрғындары тегін дәрі-дәрмек алуға құқылы. Тегін дәрі-дәрмекті белгілі ауруы бар, яғни медициналық көрсеткіштері бар адамдар ғана ала алады. Тегін дәрі-дәрмектер тізімі ҚР Денсуалық сақтау Министірлігінің 2021 жылдың 5 тамызындағы №75 Бұйрығында көрсетілген (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023885). Бүгінгі таңда амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде 54 ауру қарастырылса, ал МӘМС бойынша 127 ауру түрі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз…

Лицей оқушыларымен кездесу

Ж.Досмұхамбетов  атындағы  дарынды балаларға  арналған   облыстық  интернаттық  мекемесі  бар  лицейдің  9-10-11 сынып оқушылары мен Атырау облысы ЖИТС ке қарсы күрес және  алдын алу  орталығының   дәрігер -эпидемиологтары   Р.Муканова мен  А. Серікбаева  кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында қазіргі қоғамда белең алып отырған АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары оның алдын-алу жөнінде ақпараттар беріліп,   оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға насихаттады. Оқушылар тарапынан…

«Денсаулық-өмір негізі» тақырыбында оқушылармен кездесу

     6 желтоқсанда   ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің мамандары қаладағы №28 және М.Отаралиев атындағы орта мектептердің   оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты-адамның иммун тапшылығы вирусы, инфекцияның берілу жолдары және аурудың алдын алу шаралары туралы ақпарат беру, сондай-ақ АИТВ жұқтырған адамдарға адамгершілік қатынасты қалыптастыру,  болашақтың тірегі  болатын  дені сау  азамат тәрбиелеу. Қатысқандарсаны-70.

АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша Тренинг

5 желтоқсанда ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасының меңгерушісі  Г.Омарова жедел тестті пайдалана отырып, АИТВ-ға іріктеу және тестілеу мәселелері бойынша оқыту тренингін өткізді. Сондай-ақ, экспресс-тестті қолдана отырып, АИТВ-ға тестілеу кезінде бақылауды сапалы орындау және есепке алу құжаттамасының жүргізілуі талқыланды. Қатысты: 21 адам.

Ұлттық гимназия оқушыларымен кездесу

Атырау  облыстық  дарынды балаларға арналған  интернаттық мекемесі бар  ұлттық  гимназияның   ұйымдастыруымен 1 желтоқсан  Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай 9-11 сынып оқушылары  арасында   дәріс өткізді. Шарада Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы А.Серікбаева  “Теңдік уақыты” –АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға стигма мен кемсітушілікке қарсы тұруға шақыратын ұран екендігіне тоқталды.  Сонымен қатар АИТВ ның   жұғу…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey