Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау облысы бойынша 2021 жылдың 12 айындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы

     2021 жылдың 12 айында АИТВ-инфекциясының 47 жағдайы тіркелді, оның ішінде шетел азаматтары арасында – 5 жағдай, ҚР азаматтары арасында – 42 жағдай, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 6,4 (2020 жылдың 12 айында-100 мыңға 4,0), өткен жылмен салыстырғанда19 жағдайға өсіп отыр , оның ішінде ҚР азаматтары – 16 жағдай.      Тіркелгендердің 43жағдайы…

Бизнес құрылымдарға лекция өткізілді

Атырау  облыстық ЖИТС-ке  қарсы  күрес орталығының  маманы  Иманғалиева Ж.М.  17.01-21.01.2022 аралығында  « ЗМО-энергия», «Премьер Сити», «ITCАстана»,  «ELITE» ЖШС бизнес  құрылымдарына АИТВ / ЖИТС алдын алу мақсатында дәріс өткізді. Кездесудің басты мақсаты: халықтың назарын АИТВ-жұқпасы туралы және оның алдын алу шаралары туралы ақпараттанды. Барлығы  36 адам қамтылды                     

АИТВ -дегеніміз не?

АИТВ -дегеніміз не? АИТВ-бұл адамның иммундық тапшылық вирусы. АИТВ инфекциясы- бұл иммундық жүйенің зақымдануымен жүретін созылмалы ауру. Берілу жолдары: 1.Қан арқылы 2. Қорғалмаған жыныстық қатынас 3. Анадан балаға жүктілік кезінде, босану кезінде және емшек сүті арқылы Адамның сыртқы келбетіне ,сыртқы бет бейнесіне қарап АИТВ статусы анықталмайды. Статусты анықтау үшін тексерілістен өтіп, венадан қан тапсыру қажет.

Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары!

2022 жылдың  қаңтар айынан бастап  облыстық  ЖИТС орталығы  халыққа  ақылы  түрде  төменде көрсетілген  прейскурант  бойынша қызмет көрсетеді. Мекен жайымыз Владимирский көшесі 22Б үйде, облыстық перзентхананың   жанында   орналасқан, телефоны  21-11-03, 21-22-18.

Жастар арасында АИТВ-жұқпасының алдын-алуы

23 желтоқсан  2021 жылы Атырау  қаласының  ЖИТС орталығының  мамандары  Т.С.Шаменов және  Р.Т.Муканова Атырау сервис  колледжінің студенттеріне «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді. Кездесуде  жастардың назарын АИТВ-жұқпасы проблемаларына және алдын-алу шараларына аудару, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділік қатынасты қалыптастыру мақсатында өткізілді. Дәрігер-эпидемиологтар сонымен қатар жұқтыру  мен  сақтық шаралары, терапияның соңғы жетістіктері туралы айтты. Қатысқандар: 25адам.

Қорқудың қажеті жоқ, білу керек!

2021 жылдың 30 қарашасында  Атырау облыстық  ЖИТС  орталығының мамандары Абылғазиева А.Ж , мен Муканова Р.Т Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуде АИТВ – инфекциясы және оның берілу жолдары бойынша ақпарат ұсынылды. Оқушылар АИТВ-ны жұқтыру қаупін және оның алдын алу шараларын талқылауға белсенді қатысты. Мамандар АИТВ-инфекциясымен байланысты мифтер туралы айтып, тыңдаушылардың назарын АИТВ-мен өмір…

Атырау Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғарғы колледжіндегі кездесу

2021 жылдың 2 желтоқсан Атырау жоғарғы  медициналық колледжінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған  акцияға   ЖИТС  орталығының мамандары  Р.Мұқанова, М.Баймұханова қатысты. Кездесу “АИТВ: әрбірін түсіну“ұранымен өтті.  Іс-шара бағдарламасында студенттердің АИТВ инфекциясы туралы сараптамалық баяндамалары Стигма мен дискриминация, берілу жолдары туралы бейнеролик АИТВ-ның берілу жолдары туралы студенттердің сахналық қойылымы   Іс-шара соңында 45 студентке АИТВ/ЖИТС  бойынша сұрақтарына…

Атырау қаласының оқушыларымен кездесу

2021 жылдың 2 желтоқсанында  Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне   «АИТВ: әрбірін түсіну» науқаны аясында облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің  маманы М.Баймуханова, полиция басқармасы  жасөспірімдер арасында құқықты бұзушылықты алдын алу бөлімнің мамандары аға инспектор мойор Г.Каражанова,аға лейтенант М.Доскалиев   Атырау қаласындағы   № 17 мектеп-лицейдің оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – оқушылар арасында  АИТВ/ЖИТС мәселесі туралы хабардар болу…

Оқушылармен кездесу өткізілді

2021 жылдың 30 қарашасында Атырау облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігерлері Муканова Р.Т. мен Абылғазиева А.Ж. жалпы білім беретін №40 орта мектептің 10 сынып оқушылары арасында кездесу өткізді. Кездесу пікірталас форматында өтті, барлығы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдіре алды. Іс – шараның мақсаты: аурудың таралу проблемасына назар аудару, жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясының алдын алу,…

«Сау болыңыз» бағдарламасындағы сұхбат

«Caspian News» телеарнасының тікелей эфирінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған  «Сау болыңыз» телебағдарламасы өтті. Телебағдарламаға эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Төлемісова Жұлдыз, алдын алу бөлімінің меңгерушісі Шаменов Төлеміс қатысты. Бағдарламада Атырау облысындағы АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтылды. Орталық дәрігерлері АИТВ жұқтырған адамдарға психологиялық және медициналық көмек көрсетеді. Халықтың негізгі топтары арасында АИТВ инфекциясының таралуының…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey