Атырау облыстық АИТВ  орталығы

“SENIM” жастар кеңесі ұйымдастырған акция

14 cәуір күні Атырау облыстық “SENIM” жастар кеңесі “Байзар” сауда орталығында темекіге қарсы акция өткізді. Шара барысында тұрғындардың темекі зияндылығына назары аудартылып, оқу ақпараттық материалдар таратылды. Жастар кеңесінің мүшелері тұрғындармен спорттық ойын ойнап, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Атырау облыстық “SENIM” жастар кеңесі атаулы шара эстафетасын Атырау облыстық медициналық ұйымдарына және Ақтөбе облыстық “SENIM” жастар кеңесіне жолдайды.

Оқушыларға ұйымдастырылған ашық есік күні

19.04.2019 Атырау облыстық ЖИТС орталығында кәсіптік ориентация жұмысын қалыптастыру  мақсатында мектеп оқушылары арасында ашық есік күні ұйымдастырылды. Оқушыларға ЖИТС орталығының жұмысы түсіндіріліп,лабораториядағы қанды тексеру  әдістері көрсетілді. Шағын экскурсиядан кейін, ЖИТС орталығының мәжіліс залында оқушылар мен орталықтың дәрігерлері ойларымен алмасты. Оқушылар болашаққа бағытын айқындап, ынталарын күшейтіп алды.

Полиция басқармасында өткізілген дәріс

12 сәуір күні алдын-алу бөлімінің меңгерушісі Ережепов Б.Е. және дәрігер-эпидемиолог Муканова Р.Т. полиция басқармасында дәріс өткізді. Дәрігерлер облыстағы эпидемиологиялық жағдайды баяндап, АИТВ жұқпасының берілу жолдары және алдын алу жолдары жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар, АИТВ жұқпасымен адамдар толыққанды өмір сүріп, жанұя құрып, сау нәресте дүниеге әкеле алатындығы жөнінде сөз қозғалды. Барлық қатысқандарға оқу-ақпараттық материалдар таратылды.

Медициналық қызметкерлерге семинар

2019 жылдын 9 сәуiрiнде Исатай Аудандық Орталық Ауруханасында Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандарыАльфия Мендигалиқызы, Ерен Онайбайұлы, Бекет Еркінұлы“Атырау облысы бойынша АИТВ жұқпасынын эпидемиологиялық ахуалы” жайында медициналық кызметкерлер арасында семинар өткізді. Семинар барысында облыстың эпидемиологиялык ахуалы жайлы, сонымен қатар АИТВ және ЖИТС, жұғу жолдары, диагностикасы, емi мен профилактикасы айтылып өтті. Медициналық кызметкерлергеслайдтар, ақпараттық материалдар көрсетiлдi.   …

7 сәуір-Дүниежүзілік Денсаулық

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен 7 сәуір-Дүниежүзілік Денсаулық күніне орайластырылған Батыс өңірлік денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды. Жүлделі 1 орынды-Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының құрама командасы, 2 орынды-Атырау облыстық ауруханасы командасы, 3 орынды- Орал облысы командасы иеленсе, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті мен Маңғыстау облысы құрама командалары ынталандыру…

Атырау қаласы бизнес-құрылымдарына өткізілген дәрістер

«Алан Строй Сервис», «Нац.вид спорта», «Ламбрелл Казахстан», «Дитсманн», «Альяда Group» ЖШС қызметкерлері үшін  «АИТВ инфекциясын алдын алу» тақырыбында дәрістер өткізілді. Қатысушылар алдында Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары Р.Муканова және М.Баймуханова жұмыс орындарында АИТВ-инфекциясының берілу жолдарын, алдын алу шараларын баяндады. Дәріске қатысушыларға оқу-ақпараттық құралдар таратылып, қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.

«Сау болу – сәнді!» атты спорттық ойындар сайысы

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының 01.04.2019 жылғы №210бұйрығына сәйкес 3-cәуір күні Атырау облыстық ЖИТС орталығында 7-сәуір Денсаулық күніне орайластырылған «Сау болу – сәнді!» ұранымен қызметкерлер арасында спорттық ойындар сайысы  өткізілді. Ең алдымен шараға қатысқан барлық қызметкерлер бірлесе жаттығулар жасап, сергіп алды. Өз күштерін сынауға «Сұңқар», «Жас қанат» және «Мен қазақпын» атты 3 топ шықты. Топ…

Деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендермен кездесу

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 28 наурызында діни көзқарасына байланысты екпеден бас тартушылар арасында «Алдын ала егілудің адам өміріне пайдасы» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев, Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Ғалымов, №7 қалалық емхана директорының орынбасары Н.Үмбетқалиева, облыстық туберкулезге қарсы күрес…

Пресс релиз

Атырау облыстық ЖИТС орталығында «ашық есік» күні Өткізілетін күні: 15 cәуір 2019 жыл, сағ.: 10:00 Өткізілетін орны: Атырау қаласы, Владимирский 22б көшесі 2019 жылдың 15 cәуір күні Атырау облыстық ЖИТС орталығында «ашық есік» күні өтеді. Шараға Атырау қаласының қонақтары мен тұрғындары шақырылады. Келушілер АИТВ жұқпасы жөнінде орталық қызметкерлерінен ақпарат алады. Атаулы шарада оқу-ақпараттық материалдар таратылып,…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey