Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Адами капитал- басты байлығымыз

2018 жылдың 18 қаңтарында  облыстық  ЖИТС орталығының  дәрігері  А.Мұқанбетқалиева  «Қазақстан -Атырау» теле  және радиоарнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында  ҚР Президенті  Н.Назарбаевтың  Жолдауындағы мақсаттар, адами капитал және ұлт денсаулығы,  Атырау облысындағы АИТВ-ның эпидемиологиялық ахуалы  жөнінде сөз қозғалды.

Облыстық ЖИТС орталығы ҚР Президенті жолдауымен танысты.      

2018 жылдың 17 қаңтарында  облыстық  ЖИТС орталығында    ҚР Президенті Н.Назарбаевтың  “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” Жолдауы талданды.  Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі А.Мұқанбетқалиева ұжым мүшелерін Жолдауда көрсетілген дамудың басым бағыттарымен таныстырды.

ЖИТС орталығы мамандары  әскери бөлімшелердегі   шараларға   қатысты

ЖИТС орталығының мамандары «Денсаулыққа  құқық!» ұранымен жүргізілген  Кампанияға орай  8-15 желтоқсан аралығында Атырау  әуе  қозғалыс  басқармасы,  2016, 5546, 51051, 41433, 41321 әскери бөлімдерінде ұйымдастырылған  шараларға қатысты. Шара   барысында  ЖИТС орталығының дәрігерлері облыстағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-жұқпасының берілу жолдарын, стигма,  дискриминация және АИТВ–мен өмір сүрушілер жайында, алдын алу іс-шаралары туралы түсінік беріп, жеке құрам  мен …

ІІД мекемелерінде АИТВ/ЖИТС туралы

Желтоқсан айының  5-13 аралығында Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне, орай облыстық  ЖИТС орталығының  ұйымдастыруымен Ішкі істер департаментінің мекемелерінде (көші- қон полициясы, әкімшілік  полициясы, мамандандырылған Күзет  қызмет басқармасы, ТЖД «ӨС және АҚЖҚ», ІІЖБ)  шаралар  өтіп, 290нан астам адам қатысты. Орталықтың мамандары қызметкерлерге АИТВ инфекциясы туралы түсіндіріп, жұқпаны жұқтырған адамдармен, АИТВ-сы жоқ адамдар бірге  өмір сүруге болатындығы…

Пенитенциарлық мекемесіндегі концерт

2017 жылдың  6 желтоқсанда Атырау облысындағы  УГ 157/11 пенитенциарлық мекемесінде  ЖИТС орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған Дүниежүзілік  ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында концерт өткізілді. Шарада   Дүниежүзілік  ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай сотталған  әйелдер ұйымдастыруыменен  концерттік бағдарлама, көрініс  көрсетіп, спорттық сайыс өткізілді. Дәрігер- эпидемиолог  Э.Ерғалиева , кампания маңыздығын, мақсатын АИТВ –ның  эпидемиологиялық ахуалын  айтты.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey