Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау облыстық ЖИТС орталығы «Онлайн-емханада»

«Qazaqstan – Atyray`» телеканалының тікелей эфирдегі «Онлайн-емхана» бағдарламасының 22 қарашадағы шығарылымы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналды. Хабарға облыстық ЖИТС орталығының мамандары қатысты. ЖИТС орталығының мамандары орталық жұмысының негізгі бағыттары, стигма мен дискриминация, халыққа скрининг жүргізу және АИТВ-мен өмір сүріп жатырғандарды диспансеризациялау туралы ақпарат берді. Тікелей эфирде АИТВ-инфекциясына жедел-тесттің қойылуы көрсетілді.

ЖИТС орталығының маманы жастармен кездесуі

2017 жылдың  қарашаның 20-да Атырау облыстық ЖИТС орталығының педагогы А.С.Тунгатарованың қатысуымен  №26 орта мектеп оқушыларымен және Атырау мұнай және газ технологиялық колледж студенттерімен кездесу өткізілді.  АИТВ жұқпасымен өмір сүретін адамдарға деген  көзқарасты өзгерту, олардың құқықтары туралы, кемсітушілікті жою шараның мақсаты. Орталық маманы АИТВ-инфекциясының аймақ бойынша эпидемиологиялық  жағдайы,   АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары туралы, АИТВ-мен өмір…

«Денсаулыққа  құқық» акциясын ЖИТС орталығы  өткізді

2017 жылдың 17 қарашасында  ЖИТС орталығының мамандары Дүниежүзілік ЖИТС –ке қарсы күні кампаниясы  қарсаңында «Денсаулыққа  құқық» ұранымен  «АқЖайық-7» ЖШС-да кең көлемді акция өткізді. Акцияға СӨСҚО, ЖИТС, мекеме басшылары қатысты. Акцияны ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі М.Испергенова ашып, мекеме басшысы, СӨСҚ орталығының маманы сөз сөйледі. Шара барысында  №18 мектептің оқушылары АИТВ/ЖИТС –ң алдын алу тақырыбында…

ЖИТС орталығы бизнес құрылымдарында дәріс өткізді

2017  жылдың 20 қарашасында  облыстық ЖИТС орталығының мамандары Дүниежүзілік ЖИТС –ке қарсы күні   қарсаңында «Денсаулыққа  құқық» ұранымен  ЖШС «LSP»,  «Caspian Sea Support» ЖШС-да  лекциялар  ұйымдастырып, көрнекі құралдардың (бейнебаян, слайд, ақпараттық ағарту материалдары) көмегімен АИТВ/ЖИТС туралы баяндады. Тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясы, оны жұқтырған адамдармен жұмыс  жасағанда ешқандай қауіптің жоқ екенін, стигма және дискриминация  жайында, статусын анықтаудың жалғыз жолы…

Мектеп оқушылары арасында сурет байқауы өтті

2017 жылдың 15-20 қараша аралығында  Атырау облыстық  ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен  «АИТВ және ЖИТС жасөспірімдер көзімен» тақырыбында қала мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында сурет байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: АИТВ және ЖИТС туралы білім деңгейлерін көтеру, жасөспірімдердің назарын аудару, өнерлі оқушыларды анықтау. Ұйымдастырылған шараға  64 оқушының суреті қатысты.  Байқау талаптарына сай жеңімпаздар анықталды.

ЖИТС орталығы медициналық колледжде  семинар өткізді  

  20 қарашада  Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні облыстық ЖИТС орталығының мамандары Атырау медициналық колледжінде білімін  жетілдіру курсының  тыңдаушыларына  семинар өткізді. Шараның мақсаты: Емдеу мекемелерінде АИТВ жұқпасының таралуының  алдын алуды, дискриминация және стигмамен күрес туралы оқыту. Семинарда АИТВ-ның  облыстағы эпидемиологиялық ахуалы, алдын алу шаралары, жұмыс барысында  апаттық жағдайлардан сақтану талаптары,    жыныстық жұғу жолының көбейгені,  медициналық …

Атырау облыстық ЖИТС орталығының қатысуымен «Біз салауатты өмірді таңдаймыз» атты акция жастар арасында өткізілді

2017 жылдың 8-ші қарашада  Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы кампаниясы кезінде Атырау инженелік-гуманитарлық институтының  және  Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері арасында «Біз салауатты өмірді таңдаймыз»  тақырыбында  акция өткізілді. Шара барысында  Атырау облыстық ЖИТС орталығының педагогы А.С.Тунгатарова  АИТВ-инфекциясының аймақ бойынша эпидемиологиялық  жағдайы,  қауіпті мінез-құлық, АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары туралы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтары мен кемсітушілікке…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы «АИТВ және ұрпақ тәрбиесі» атты  акцияға қатысты

2017 жылдың 15-ші қарашада  Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы кампаниясы кезінде №31-ші мектеп-гимназиясында  Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «АИТВ және ұрпақ тәриесі» атты акция өтті. Мектеп-гимназияның драма үйірмесі дайындаған «Есірткі құрбаны» атты қойылым қойылды.  Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары педагог А.Тунгатарова, эпидемиолог көмекшісі Ж.Имангалиевамен аймақ бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық  жағдайы,  берілу және сақтану жолдары туралы,…

Облыстық ЖИТС орталығының  мамандарының  қатысуымен   УГ 157/9 мекемесінде  «Н=Н» кампаниясы өткізілді

2017 жылдың 15 қарашасында УГ 157/9 мекемесі Дүниежүзілік ЖИТС –ке қарсы күрес  күніне орай, «Денсаулыққа құқық» ұранымен  акция  өткізді. Акцияға  мекеменің  бөлім басшылары, қызметкерлері мен  ЖИТС орталығының  мамандары  қатысты. Шара барысында қатысушыларға кампанияның өткізілуінің  мақсаты, денсаулыққа деген  құқықтың жүзеге  асуын нығайту, өмірге  қажетті  маңызды дәрілерге  қол жеткізу  мүмкіндігін  кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар 2017 жылдың  16-шы…

Дүниежүзілік ЖИТС –ке қарсы  күрес кампаниясы өтуде         

2017 жылдың 15 қарашасында ЖИТС орталығының мамандары  «Денсаулыққа құқық» ұранымен  ЮНЕЙДС-тің   Дүниежүзілік кампаниясын қолдау мақсатында жолаушылар тасымалдау автокөлігі мен сауда үйлерінде плакаттар ілді. Мамандар сауда үйлеріндегі орналасқан радиотораптар арқылы  АИТВ-ның  жұғу жолдары мен алдын алу туралы  халыққа түсінік берді. Мақсат- АИТВ жұқпасының сұрақтарына халықтың назарын аудару. Әрбір адам өзінің статусын  білу үшін АИТВ –ға  тексерілуге …

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey