Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау қаласының №13 мектеп-гимназиясындағы семинар-тренинг

          2023 жылдың  20  қарашасында  Облыстық  АИТВ-инфекциясының алды алу  орталығының профилактикалық бөлімінің қызметкері М.У.Баймуханова  №13  мектеп-гимназиясының  жоғарғы сынып оқушы-қыздарына арналған  ЖИТС-пен күрес күніне орай ұйымдастырылған семинар-тренингке қатысты. Шараға  №7 қалалық емхананың  мамандары психолог Д.Г.Ұзақбаева , акушерка Г.А.Тлешова    қатысты. Іс-шараның мақсаты: АИТВ/ЖИТС-тің   және  жыныстық  жолмен  таралатын аурулардың алдын алу. Өскелең  ұрпаққа  дұрыс тәрбие беру. Іс-шара барысында…

Жағалау күзетінің қызметкерлерімен кездесу

2023 жылдың   19  қарашасында    Атырау   облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының алдын алу бөлімінің мамандары  Р.Муканова, А.Серікбаева   және медбике  Р.Тлепова   «ҚР Ұлттық  қауіпсіздік   Комитеті шекара қызметінің Маңғыстау  облысы бойынша департаментінің  жағалау  күзетінің  үшінші  девизионы» қызметкерлеріне ЖИТС-пен күрес күнінің биылғы «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» атты ұранымен   дәріс өткізді.  Кездесуде мамандар  АИТВ ның  берілу жолдары мен алдын алу шараларын,  …

Атырауда ЖИТС-пен күрестің онкүндігі басталды

Елімізде 20 қарашадан 1 желтоқсанға дейін «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» деген ұранмен  АИТВ (ВИЧ)-инфекциясына қарсы шаралардың онкүндігі өтеді. Шараларға үкіметтік емес ұйымдар, жастар, халықтың түйінді топтарын қатыстыру жоспарланған.  Атырау  облыстық АИТВ инфекциясының  алдын алу  орталығының мамандары жыл сайын акцияның ауқымды өтуіне жағдай жасайды.  Сол үрдіс биыл да жалғасын тауып, қаладағы бірнеше оқу орындарының студенттері арасында түрлі шаралар өткізіледі. Қоғамдастықтар ЖИТС-ке…

АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша өткізілген іс-шаралар

Атырау   облыстық   ЖИТС  орталығының   мамандары  «Интертич» жанұялық дәрігерлік  амбулаториясына  АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетіп, медициналық қызметкерлеріне семинар өткізілді. Шара барысында  дәрігерлер   облыс көлемінде эпидемиологиялық жағдаймен,  АИТВ-инфекциясына тексерілетін контингентті кодтау, жүкті әйелдерді  және  олардың  жыныстық  серіктестерін  АИТВ инфекциясына  тексеру,  төтенше жағдай туындаған кезде медицина қызметкерінің тактикасы туралы мәселелері талқыланды. Сонымен қатар  эпидемиолог А.З.Сабекеева «4 буын…

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған семинары

«Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ КМК-нің қызметкерлері арасында қолданыстағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының және медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намысы кодексінің негізгі мақсаты мен міндеттері, бағыты мен қағидаттары, заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, медицина қызметкерінің кез-келген сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы тұру, жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар алу фактілеріне…

АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша семинар

Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының  алдын алу  орталығының  маманы  А.Сабекеева «Геолог  қалалық емханасы»  медицина қызметкерлері арасында АИТВ – инфекциясы мәселелері бойынша семинар өткізді. Семинарда Атырау облысы бойынша АИТВ ның эпидемиологиялық ахуалы, апаттық жағдайлардың алдын алу және олардың тактикасы, байланысқа дейінгі және кейінгі алдын- алу, стигма және кемсіту, жүкті әйелдерді есепке алу кезінде және олардың жыныстық серіктестерін тексеру…

№7 қалалық емхананың медицина қызметкерлерін оқыту

2023 жылдың 18  қазанында   Атырау облыстық АИТВ орталығының   эпидемиология  бөлімінің меңгерушісі  Т.Шаменов және   алдын алу  бөлімінің  эпидемиологы  Р.Муканова емхананың  медицина қызметкерлеріне  жоспарлы консультативтік-әдістемелік көмек көрсетті. Мамандар    АИТВ-ға тестілеудің клиникалық көрсеткіштеріне,  жүкті әйелдер мен олардың   серіктестерінің тексерілуін қадағалау, қан құйылған  науқастардың  мерзімінде  тексерілістен өткізілуі, жұмыс орнындағы авариялық жағдайларды тіркеу кезіндегі іс-қимыл алгоритмімен таныстырды. Сонымен  емхананың  қатар…

Құттықтаймыз!

10 қазан-Қазақстан  Республикасы  кәсіподақтар күніне  орай, Облыстық  АИТВ – инфекциясының  алдын алу орталығының   есепшісі  Сарсенғалиев  Дәркенбай  Ерсайынұлы  облыстың  әлеуметтік- экономикалық  дамуына  қосқан үлесі  үшін  Атырау облысының  әкімінің  алғыс хатымен  марапатталды. Сізге Ұзақ ғұмыр, отбасыңызға  береке-бірлік, еңбекте табысты болып, абырой биігінен көрінуіңізге  тілектеспіз.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының емдеу алдын алу кеңесі

5 қазан күні облыстық АИТВ орталығының мәжіліс залында  Денсаулық сақтау басқармасының емдеу алдын алу кеңесі өткізілді. Кеңесті облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Абилова ашып, төрағалық етті. Күн тәртібінде Құрманғазы аудандық орталық ауруханасындағы АИТВ инфекциясының алдын алу шараларының жағдайы талқыланды. Шараға АИТВ орталығының директоры, директордың орынбасары және дәрігер эпидемиологтары,  Құрманғазы аудандық ауруханасының директоры мен  АИТВ-ға…

Бизнес құрылымындарындағы дәрістер

Облыстық АИТВ орталығының   алдын алу бөлімінің  маманы  Баймуханова М.У.«Болашақ Текникал Солюшнс»,«Ертілеу», «Молдагалиева Э.»,«Студия Анталия»  бизнес құрылымдар  қызметкерлеріне  дәріс   өткізді. Кездесу  барысында  АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, берілу және аурудың алдын алу жолдары, өз статусын білудің маңыздылығын  айтып түсіндірді. Дәріс соңында қатысушылардан сұрақтар қойылып, жауаптар беріліп,АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey