Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Кардиология орталығындағы семинар

2023 жылдың 10-11 тамызында  облыстық АИТВ-инфекциясының  алдын алу  орталығының  дәрігер- эпидемиологтары  Р.Муканова  мен  Д.Жарылғасова АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетіп, облыстық    кардиология  орталығының медициналық қызметкерлеріне семинар өткізді. Спикерлер АИТВ-инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары туралы, Атырау облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен,  тексерілетін контингентті кодтау, төтенше жағдай туындаған кезде медицина қызметкерінің тактикасы, АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілік…

АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша семинар

Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының  алдын алу  орталығының  маманы  А.Сабекеева «Еркінқала Медикал» ЖШС  медицина қызметкерлері арасында АИТВ – инфекциясы мәселелері бойынша семинар өткізді. Семинарда Атырау облысы бойынша АИТВ ның эпидемиологиялық ахуалы, апаттық жағдайлардың алдын алу және олардың тактикасы, байланысқа дейінгі және кейінгі алдын- алу, стигма және кемсіту, жүкті әйелдерді есепке алу кезінде және олардың жыныстық серіктестерін тексеру…

«Актобе Транзит Экспедишн» ЖШС орталығының мамандарына арналған семинар

2023жылдың 9-шы шілдесінде  алдын алу бөлімінің дәрігер эпидемиологы А.Сабекеева медицина қызметкерлеріне семинар өткізді. «Актобе Транзит Экспедишн» ЖШС орталығының медицина қызметкерлеріне  АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетілді. Семинар барысында маман АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, Атырау облысындағы эпидемиологиялық жағдайы  және нормативтік-құқықтық құжаттар туралы ақпарат берді.

  «Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ КМК-ның Жұмыс тобымен орталықтың құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігі хабарланады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтитын кезең – 01.01.2023-01.08.2023 жыл. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 11.08.2023-31.08.2023 жыл.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС-БӘРІМІЗ ҮШІН ОРТАҚ ІС

АИТВ -инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталықта 2023 жылғы 9 тамызда комплаенс офицері Қистаубаев К.С. орталық директоры мен қызметкерлерінің қатысуымен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқықтық сауаттылықты арттыру” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың мақсаттары мен міндеттері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидалары мен шаралары туралы ақпарат берілді. Бүгінгі таңда…

№5 емхананын медициналық қызметкерлеріне арналған семинар

Атырау облыстық  АИТВ-ң орталығының мамандары А.Серікбаева мен А.Сабекеева облыстық Денсаулық сақтау басқармасымен 2023 жылға бекітілген медициналық ұйымдарға АИТВ-инфекциясының алдын-алу мәселелері бойынша тәжірибелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету жоспарына сәйкес, қаладағы №5 емхананың медициналық қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Атырау облысы бойынша АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы және ҚР ДСМ №211 «АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау…

Әдістемелік көмек көрсетілді

Облыстық АИТВ   орталығының  дәрігер эпидемиологтары  Р.Муканова мен Д.Жарылғасова «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында №2 облыстық аурухананың медицина қызметкерлеріне  семинар сабағын өткізді. Семинардың мақсаты АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясы бойынша білім деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясынын  ерте анықтау. АИТВ-инфекциясы кезіндегі сақтық шаралары,  апаттық жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер алгоритмі, стигма және дискриминация туралы  сұрақтарға тоқталды.  

Тәрбиешілер арасындағы дәріс

2023 жылдың 27-28 шілде  аралығында Атырау  АИТВ  орталығының алдын алу бөлімінің маманы Баймуханова М.У. «АИТВ/ЖИТС-ті білу маңызды!»  тақырыбында  қаладағы  №18 «Балдырған», №16 «Дюймовочка» балабақшадағы  тәрбиешілер   арасында дәрістер өткізді. Кездесудің басты мақсаты – АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру. Дәріс барысында  АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, берілу және аурудың алдын алу жолдары, өз статусын білудің маңыздылығы, АИТВ…

Орталықтың 2023 жылдың 6 айдағы жұмыс қорытындысы талқыланды

Атырау облыстық  АИТВ  инфекциясының  алдын алу  орталығында   2023 жылдың   6 айының  қорытындысымен   облыстағы  АИТВ инфекциясының  алдын алу шараларын  талқылау бойынша  медициналық кеңес өтті. Кеңесті орталықтың  директоры  Қ.Нұрмұханов  ашып, орталықтың  медицина қызметкерлері қатысып,бөлімдердің есептері тыңдалып, алдағы жасалатын жұмыстардың ұсынысы талқыланды.

«АИТВ – дан алдын алу» тақырыбында Төтенше жағдайлар департаментінде жиын өткізілді

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің  ұйымдастыруымен  облыстық АИТВ орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Серікбаева Әсем Қанатқызы «АИТВ дан  алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында   жұқпадан  сақтану жолдары мен  алдын алу шаралары талқыланды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға  стигма және кемсітушілікке жол бермеу туралы   түсіндірді. Сонымен қатар АИТВға  тегін және анонимді тестілеуден қан тапсыру және кеңес…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey