ПРЕСС РЕЛИЗ 18 мамыр – ЖИТС-тен көз жұмғандарды еске алу күні
Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде жұқтырылған иммун тапшылығы синдромынан (ЖИТС/СПИД) көз жұмғандарды еске алу күні атап өтіледі. Биыл бұл күн 18-мамырға сәйкес келді. Халықаралық еске алу күнінің басты мақсаты – қоғам назарын адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясының таралуы және АИТВ жұқтырғандарды әлеуметтік қорғаумәселесіне аудару. Атырау облысында 2025 жылдың...