Атырау облыстық АИТВ  орталығы

ЖШС «Open Clinic» медициналық орталығына әдістемелік көмек

16 маусым 2023ж Атырау облыстық АИТВ  орталығының  дәрігер эпидемиологы А.З.Сабекеева  ЖШС «Open Clinic» медициналық орталығының медицина қызметкерлері  арасында  АИТВ  сұрақтары  бойынша  семинар өткізді.  Семинарда  АИТВ инфекциясының  ҚР мен  Атырау  облысы бойынша  эпидемиологиялық ахуалы, апаттық  жағдай  туындағандағы   постбайланыстық профилактика, АИТВ  туралы  НҚА сұрақтары  талқыланды. Қатысқандар саны-17.  

№4 емхананын медициналық қызметкерлеріне арналған семинар

16 маусымда  Атырау облыстық   АИТВ -инфекциясының алдын алу орталығы  қаладағы   №4 емхананың   медицина  қызметкерлеріне  жоспарға сәйкес   әдістемелік  көмек  көрсетті. Келесі мәселелер қарастырылды: Атырау облысының  5 айының эпидемиологиялық жағдайы; – Баладан анаға АИТВ –инфекциясының берілуін алдын алу; – АИТВ-инфекциясының клиникалық негіздері; – жедел тестпен тестілеу  әдісі бойынша  тәжірибелік  сабақ  үйрету. Дәріс соңында медицина қызметкерлерінің сұрағына жауап…

Исатай ауданына жоспарлы іс-сапар

Облыстық  ЖИТС орталығының дәрігері Р.Т.Муканова, Д.О. Жарылғасова  12-13 маусымда Исатай  ауданында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша    медицина қызметкерлері арасында   іс-шаралар өткізді. Спикерлер іс сапар барысында  АИТВ -ның  Атырау облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайы  мен  клиникалық көрсетілімдер бойынша  тексеру,  стигма және кемсітушілік,  медициналық араласулар кезіндегі апаттық жағдайларда жүргізілетін шаралардың алгоритмі туралы дәріс оқыды. Сонымен қатар  жедел тестпен тестілеу …

Пенитенциарлық мекемелеріндегі медицина қызметкерлерімен кездесу

Атырау  облыстық  ЖИТС орталығының мамандары   қылмыстық-атқару жүйесінің медицина қызметкерлеріне «Пенитенциарлық мекемелерінде АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары және АИТВ-инфекциясына тестілеу мәселелері туралы» тақырыбында  семинар  өткізді.  Шарада төмендегі  сұрақтар  талқыланды: Қазақстан Республикасы  бойынша  пенитенциарлық мекемелеріндегі  АИТВ инфекциясының  эпидемиологиялық  ахуалы жұғу жолдары мен алдын алу жанасуға дейінгі профилактика преаналитикалық кезең: АИТВ-ға қан алу, биоматериалды  зертханаға тасымалдауға, арнайы контингентті…

Тақырыбы:«АИТВ инфекциясын алдын алу,нашақорлықтың адам ағзасына зияны,темекі шегудің алдын алу және электронды темекі адам ағзасына зияны»

2023 жылы маусым айында Атырау облыстық ЖИТС орталығының нарколог-дәрігер С.Каюпов  «С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғарғы колледжінде» студенттер арасында семинар өткізді. Шара барысында дәрігер «АИТВ-жұқпасы» ұғымы, таралу жолдары, оның алдын алу шаралары жайлы ақпараттармен шектеліп қалған жоқ, сонымен қатар нашақорлықтың алдын алу шаралары, зиянды әдеттерден аулақ болуға және  электронды темекінің адам ағзасына қаншалықты зиян келтіретінін,күшті әсер ететін…

АИТВ-ға тексеріліп өз статутысыңызды біліңіз!

2023 жылдың 5-6 маусым айында Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын-алу бөлімінің маманы Ж.Иманғалиева ЖШС «Жалтур Атырау», ЖК«START», ЖШС«Брунел Атырау» қызметкерлеріне АИТВ-тің және ЖИТС-тің өзекті мәселелеріне арналған дәріс өткізді. Дәріс барысында қызметкерлерге АИТВ-ның алдын алу шаралары туралы білуге, өз денсаулықтарына жауапты болуға, салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және анализ тапсыру арқылы АИТВ статусын…

Медициналық сақтандыру

МСҚ 2023 жылы 1-маусымнан бастап медициналық сақтандыру және медқызмет көрсету мәселелеріне қатысты консультацияларды 1414 бірыңғай байланыс орталығы жүргізетінін хабарлайды. Өтініштерді Қордың Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-бот пен веб-сайты арқылы да жолдауға болады.

Тақырыбы: «Бар мейріміміз-балаларға»

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Атырау облыстық ЖИТС орталығында қызметкерлердің балаларына мерейлік шара ұйымдастырылды. Шара барысында ЖИТС орталығының кәсіподақ төрайымы Д.Сарсенғалиев: Бүкіл әлемде 1-ші маусым, балаларды қорғау күні ретінде аталып өтетінін, ескі  халықаралық мейрамдардың бірі болып саналатынын,оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сесиясында қабылданғаны, алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні…

АИТВ жұқпасы бойынша оқыту семинары

30 мамыр күні  Атырау облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы «Western Clinic» мен «Medina Medical Company» ЖШС клиникаларына методикалық әдістемелік көмек көрсету мақсатында медицина қызметкерлеріне семинар өткізді. «АИТВ жұқпасы, алдын алу шаралары, қатынасқа дейінгі профилактика» тақырыбында  дәрігерлер  мен мейірбикелерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар апаттық жағдайлар кезіндегі алгоритмді қолдану, барлық қауіпсіздік іс-шараларын сақтау мәселелері талқыланды. Шара барысында…

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ халықтың қоңырау шалу мүмкіндігін арттыру және «жоғалған» қоңыраулардың үлесін қысқарту үшін МӘМС және медициналық көмек алу мәселелері бойынша консультацияларды ағымдағы жылдың 1 – ші маусымынан бастап 1414 бірыңғай байланыс орталығы ұсынатындығын назарларыңызға береді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ халықтың қоңырау шалу мүмкіндігін арттыру және «жоғалған» қоңыраулардың үлесін қысқарту үшін МӘМС және медициналық көмек алу мәселелері бойынша консультацияларды ағымдағы жылдың 1 – ші маусымынан бастап 1414 бірыңғай байланыс орталығы ұсынатындығын назарларыңызға береді. 1414 операторлары 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды әрі оларға жауап береді. Егер ситуациялық…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey