Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Оқушылармен кездесу

Атырау облысы ЖИТС-ке қарсы күрес және  алдын алу  орталығының   маманы  Ж.Иманғалиева  М.Бекмұхамбетов  атындағы  орта мектептің  9-10-11 сынып оқушыларымен  кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында  АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары және оның алдын-алу жөнінде ақпараттар беріліп, оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Маман қойылған  сауалдарға, толыққанды  жауап беріп, қатысушыларға оқу ақпараттық құралдары таратылды.  

Қазақстан тұрғындары тегін дәрі-дәрмек алуға құқылы.

  • admin_atsc
  • 15.12.2022
  • Видео
  • Пікір жоқ

Қазақстан тұрғындары тегін дәрі-дәрмек алуға құқылы. Тегін дәрі-дәрмекті белгілі ауруы бар, яғни медициналық көрсеткіштері бар адамдар ғана ала алады. Тегін дәрі-дәрмектер тізімі ҚР Денсуалық сақтау Министірлігінің 2021 жылдың 5 тамызындағы №75 Бұйрығында көрсетілген (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023885). Бүгінгі таңда амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде 54 ауру қарастырылса, ал МӘМС бойынша 127 ауру түрі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз…

Лицей оқушыларымен кездесу

Ж.Досмұхамбетов  атындағы  дарынды балаларға  арналған   облыстық  интернаттық  мекемесі  бар  лицейдің  9-10-11 сынып оқушылары мен Атырау облысы ЖИТС ке қарсы күрес және  алдын алу  орталығының   дәрігер -эпидемиологтары   Р.Муканова мен  А. Серікбаева  кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында қазіргі қоғамда белең алып отырған АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары оның алдын-алу жөнінде ақпараттар беріліп,   оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға насихаттады. Оқушылар тарапынан…

«Денсаулық-өмір негізі» тақырыбында оқушылармен кездесу

     6 желтоқсанда   ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің мамандары қаладағы №28 және М.Отаралиев атындағы орта мектептердің   оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты-адамның иммун тапшылығы вирусы, инфекцияның берілу жолдары және аурудың алдын алу шаралары туралы ақпарат беру, сондай-ақ АИТВ жұқтырған адамдарға адамгершілік қатынасты қалыптастыру,  болашақтың тірегі  болатын  дені сау  азамат тәрбиелеу. Қатысқандарсаны-70.

АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша Тренинг

5 желтоқсанда ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасының меңгерушісі  Г.Омарова жедел тестті пайдалана отырып, АИТВ-ға іріктеу және тестілеу мәселелері бойынша оқыту тренингін өткізді. Сондай-ақ, экспресс-тестті қолдана отырып, АИТВ-ға тестілеу кезінде бақылауды сапалы орындау және есепке алу құжаттамасының жүргізілуі талқыланды. Қатысты: 21 адам.

Ұлттық гимназия оқушыларымен кездесу

Атырау  облыстық  дарынды балаларға арналған  интернаттық мекемесі бар  ұлттық  гимназияның   ұйымдастыруымен 1 желтоқсан  Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай 9-11 сынып оқушылары  арасында   дәріс өткізді. Шарада Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы А.Серікбаева  “Теңдік уақыты” –АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға стигма мен кемсітушілікке қарсы тұруға шақыратын ұран екендігіне тоқталды.  Сонымен қатар АИТВ ның   жұғу…

Атырау облысында баспасөз конференциясы өтті

1 желтоқсанда  Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің залында Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай, баспасөз брифингі өтті. Брифингке Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығының директоры Қ.Нурмуханов,    директордың эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Г.Умарова,  емдеу алдын алу бөлімінің меңгерушісі  дәрігер-инфекционист А.Қарабекова қатысты. Спикерлер осы іс-шараның мақсаттарына,  АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша міндеттер мен алдағы жұмыстарға…

Атырау қаласының жастары арасындағы кең көлемді акция

  • admin_atsc
  • 30.11.2022
  • Видео
  • Пікір жоқ

2022 жылдың 28  қарашасында Бүкіләлемдік  ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай, ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі студенттерінің қатысуымен кең көлемді акция өткізілді. Облыстық ЖИТС орталығының алдын алу  бөлімінің  меңгерушісі А.Ж. Абылғазиева шараны  ашып, өз сөзінде биылғы жылы кампания Дүниежүзілік  Денсаулық  сақтау  ұйымының «Теңдік уақыты!» ұранымен  өтетіндігіне  тоқталды. Іс-шара бағдарламасында  жастарға АИТВ/ЖИТС-тің алдын…

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған Челлендж

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған Челлендж   Челлендж, посвященный Всемирному дню борьбы со СПИД   Challenge dedicated to World AIDS Day   #Теңдік уақыты #Время для равенства # Time for equality  

Оқушылармен кездесу

2022  жылдың  28 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында облыстық ЖИТС орталығы мен  СӨҚО мамандары №2,№8,№13,№25 орта білім беретін  мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  мен  оқушылары  арасында «Дөңгелек үстел» өткізді. Іс – шараның мақсаты: аурудың таралуы мен алдын алу шараларына  назар аудару, жасөспірімдердің АИТВ инфекциясы бойынша білім деңгейін жетілдіру. Кездесу  барысында өздерінің  қызықтырған сұрақтарын қойып,…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey