Атырау облыстық АИТВ  орталығы

«Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы»

4 маусым күні  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Атырау облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы» атты іс-шара ұйымдастырылды. Атаулы шара үстінде алдын алу бөлімінің меңгерушісі Б.Ережепов мемлекетіміздің рәміздерінің пайда болу тарихын, мағынасын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, шара барысында ұжым қызметкерлері өзара талқылап, өз ойларын айтты. Қосымша қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Атырауда денсаулық сақтау басқармасының басшысы  тағайындалды

Атырауда денсаулық сақтау басқармасының басшысы  тағайындалды Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің Өкімімен Нұрлыбек Қабдықапаров Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының уақытша басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар Қызметі. Нұрлыбек Рысқалиұлы Қабдықапаров 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын дәрігер-педиатр мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар, Қ.А.Йассауи атындағы…

Махамбет Досмұхамбетов: Теңіз кенішінде жұмыс жалғасады, адамдар жұмыстан шығарылмайды

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн брифингте мəлімдеді” деп хабарлайды  Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. «Қазіргі таңда үлкен ошаққа айналған Теңіз кенішіндегі қалашықтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Ол жерден жұмысшыларды демобилизациялаудың мақсаты — азаматтарымыздың қауіпсіздігі. Сол арқылы, аурудың кеңінен тарап кетпеуіне қол жеткізе алдық. Жағдай тұрақтанған соң адамдар қайтадан жұмыс орындарына оралады. Теңіз кеніші жұмысын…

COVID – 19 анықтайтын аппарат

Өңірдегі белді компаниялардың бірі ТОО «Тенгизшевройл» коронавирус инфекциясын анықтайтын автоматтандырылған зертханалық аппаратты Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығына табыстады. Аппараттың ерекшелігі – адам бойындағы әртүрлі вирустардан бөлек, COVID – 19 инфекциясының бар- жағын 5 сағатта анықтайды.

“АИТВ дегеніміз не?” тақырыбындағы онлайн дәріс

Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Б.Ережепов “АИТВ дегеніміз не?” тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Дәріс ЖИТС орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланды.

Баспасөз релизі 14.05.2020

17 мамыр – Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні Мамыр айының үшінші жексенбісінде Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні атап өтіледі. Оны Қазақстанда CОVID-19 пандемиясы кезінде атап өту-бұл АИТВ инфекциясының одан әрі таралуына қарсы әрекет етуге, коронавирустық инфекциядан емделушілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға дайындығын көрсететін тағы бір мүмкіндік. Барлық өңірлік орталықтарда…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey