Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Ішкі істер саласындағы түсіндіру жұмыстары

2019 жылдың 20-22 мамыр аралығында Халықаралық ЖИТС- тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары Ішкі істер департаментінің мекемелерінде дәрістер өткізіп, 135 тен астам адам қатысты. Шара барысында қызметкерлерге АИТВ инфекциясы туралы, жұқпаны жұқтырған адамдармен, АИТВ-сы жоқ адамдар бірге өмір сүруге болатындығы, аурудың алдын-алу шаралары түсіндірілді. Кездесу барысында АИТВ жөнінде бейне…

Акция « Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!»

Бүкіл әлемде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында облыстық ЖИТС орталығы 23 мамырда Атырау мемлекеттік университетінің «Студенттер үйінде» жастар арасында «Өмір сүру үшін есте сақтаймыз!» тақырыбында кең көлемді акция өткізді. Акцияны ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Б.Ережепов ашып, АИТВ/ЖИТС-тің таралу жолдары, болашақ жастарымыздың дені сау, бақытты болуын, қазіргі күні дискриминацияға жол берілмейтіндігін…

Атырау облысындағы пенитенциарлық мекемелеріндегі акциялар

2019 жылдың 17-21 мамыр аралығында №157/1, №157/9, №157/11 пенитенциарлық мекемелердің ұйымдастыруымен ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған акциялар өтті. Акцияға ЖИТС орталығының мамандары, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты. ЖИТС орталығының мамандары негізгі мақсат – адамзаттың назарын АИТВ/ЖИТС-тің таралу мәселесіне, адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырғандарды әлеуметтік қорғау мәселесіне аудару туралы түсінік берді. Бас бостандығынан…

Атырауда студенттермен кездесу

2019 жылдың 17 мамырда Халықаралық ЖИТС қайтыс болғандарды еске алу күні аясында Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледж студенттері Облыстық ЖИТС орталығының маманымен кездесу өтті. Шара барысында студенттердің дайындаған сахналық көрінісі, флешмоб «АИТВ инфекциясы туралы» презентациясы көрсетілді. Облыстық ЖИТС орталығының педагогы А.Тунгатарова АИТВ берілу жолдары мен алдын алу шаралары, стигма мен кемсітушілік туралы баяндады. Қамтылғаны…

Бизнес құрылымдарында ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне дәрістер

ЖШС «Нурсана сервис», «Экстремум Глобал», «Семор», «Новус SEALING Caspian», «Тобеарал Ойл», «Береке сауда» «INTANT Atyrau», «ANESCOM» мамырдың  үшінші жексенбісінде Дүние жүзінде  аталып өтетін ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске  алу күніне орай  дәрістер өтті. Облыстық ЖИТС орталығының  мамандары  атаулы күннің маңызы мен мақсатын  түсіндірді. « Өмір сүру үшін , есте сақтаймыз!» тақырыбындағы   кампания кезінде  өткізіліп жатырған шаралар  халық…

Облыстық ЖИТС орталығында медициналық кеңес

2019 жылдың 22 мамырында Атырау облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында Атырау облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Өтешов М.А. төрағалығымен медициналық кеңес өткізіліп, ЖИТС-қа қарсы күрес және алдын-алу жөніндегі орталықтың 4 ай қорытынды есебі талқыланды. ЖИТС орталығының басшысы Н.А Айтмухамбетов 2019 жылдың 4 айдың қорытындысын баяндады. Атырау қаласы бойынша емдеу – сауықтыру мекемелерінің ЖИТС-ке жауапты…

Атырау қ. аутрич-қызметкерлеріне арналған семинар

2019 жылдың  20 мамырында  Атырау облыстық ЖИТС орталығының сенім бекетінің мамандарының қатысуымен аутрич қызметкерлердің арасында Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай «Өмір сүру үшін еске аламыз!» тақырыбында семинар өткізілді.Мамандар атаулы күннің шығу тарихын, оның маңызын ,АИТВ-инфекциясының жұғу жолдарын, қорғану ережелерін және алдын алу жолдарын айтып өтті.  Семинар  соңында қатысушыларға оқу-ақпараттық материалдары таратылды.

Сауалнама

   Survey Monkey платформасын пайдалану арқылы, АИТВ инфекциясын алдын алу бағытталып, халықтың білім деңгейін жоғарлатуға арналған сауалнама. Сауалнамадан өту үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://ru.surveymonkey.com/r/VL8RHCL

Пресс- релиз

     Жыл сайын, мамырдың үшінші жексенбісінде бүкіл әлемде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алуға арналған іс-шаралар өткізіледі. Қазақстанда Халықаралық еске алу күнін өткізу – бұл АИТВ- инфекциясының одан әрі таралуын тоқтату мен инфекцияға қарсы тұруға дайын болудың тағы бір мүмкіндігі, ешкімнің аурудан сақтандырылмағанын және әлдеқашан АИТВ-инфекциясының «осал топтар» ауруы еместігін еске түсіру. Бүгінде адамның…

Эпидемиолог дәрігерлерге арналған семинар

26 сәуір күні Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандарының ұйымдастыруымен Атырау облысының эпидемиолог дәрігерлерге  арналған жоспарлы семинар өтті. Семинарға қалалық емханалардың, аудандық ауруханалардың , сонымен қатар, дәрігерлік амбулаториялардың дәрігер эпидемиологтары қатысты. ЖИТС орталығының мамандары клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тұрғындарды тексеру, медициналық ұйымдарда апаттық жағдай кезіндегі АИТВ- инфекциясының қатынастан кейінгі профилактиканы жүргізу жолдарын түсіндірді. Семинар кезінде…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey