Атырау облыстық ЖИТС орталығы қаладағы жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында қоғамдық-дәріс тыңдауды жүргізді

- admin_atsc
- 29.09.2016
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2016 жылдың 27 қыркүйегінде Студенттер Сарайында жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің қатысуыменен облыстық наркология диспансерінің мамандарымен бірлескен «Қазақстан Республикасында АИТВ-ның алдын алу үшін опиоидты терапияның орынбасуын енгізу» тақырыбында қоғамдық – дәрістік тыңдау өткізілді.
Өткізілген шарада ЖИТС орталығының дәрігер -эпидемиологы Ерғалиева Э.Ж. Атырау облысындағы АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық ахуалымен таныстырды. Тыңдармандарға методонның Денсаулық министрлігімен заңдастырылып, бекітілген заңнамалармен таныстырылып, методонға ауыстырмалы емді енгізу туралы толық түсінік берілді. Тыңдау барысында «Нашақорлардың арасында АИТВ инфекциясының ине арқылы берілу жолдары мен асқынуы туралы» фильм көрсетілді. Оқу- ағарту материалдары таратылды.
comments powered by HyperComments