Ұстаздар арасында өткізілген дәріс
- admin_atsc
- 03.11.2016
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
02.11.2016ж. №23 орта мектептің ұстаздары арасында «АИТВ/ЖИТС алдын алу» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарға қатысушыларға мектеп жағдайында АИТВ /ЖИТС алдын алуда әдістемелік ұсынымдар берілді. Семинар барысында Атырау облыстық ЖИТС орталығының педагогы А.Тунгатарова АИТВ/ЖИТС алдын алу және оқушылардың тәртібіндегі жауапкершілік дағдыларын қамту туралы ақпараттық материалдар ұсынды. Сонымен қатар адам құқы, қоғамның АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адамдарға көзқарасы туралы сұрақтар кеңінен қамтылды. Семинарға 28 мұғалім қатысты.