Атырау облыстық АИТВ  орталығы

ЖИТС мамандардың  жұмыс мигранттарымен  кездесуі

Тенгиз вахталық қалашығындағы  «КазПако» компаниясының шақыруыменен «Жұмыс мигранттары арасында  АИТВ ауруын алдын-алу» тақырыбында   семинар өткізілді. Семинарда бөлім меңгерушісі Умарова Г.А. АИТВ инфекциясының  эпидемиологиялық жағдайына тоқталып,  АИТВ/ЖИТС-тің  таралу жолдарымен, жанұядан тыс жүрген кезде бей берекетсіз жыныстық қатынасқа  бармау,   алдын-алу шаралары жөнінде облыстық ЖИТС орталығының дәрігері  Каракулова А.А. толық мағлұмат  берді.  Сонымен қатар  қауіпсіздік ереже сақтау қызметкерлерініне АИТВ инфекциясының тарихы, таралу және  алдын-алу шаралары жөнінде фильм  көрсетілді.

ЖИТС орталығының мамандар қойылған көп сұрақтарға нақты жауаптар берді. Компания өкілдері өткізілген шараға алғыстарын білдіріп, келешекте АИТВ-дан  алдын- алу  жөнінде біліктілігін арттырып, ынтымақтастықпен бірлесіп жұмыс жасауға  сендірді.

 

03-11-16

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey