Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Ірі бизнес- құрылымдарына өткізілген дәрістер

2017 жылдың  17-19 шілде  аралығында  Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары «Рауан Налко»,«Казахтелеком», «Казпошта» «Жинақ банкі» ірі бизнес- құрылымдарының  басшылары мен қызметкерлері арасында «АИТВ –ның бизнеске ықпалы және МӘМС бойынша түсіндіру жұмыстары» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында басты көңіл облыстағы эпидемиологиялық ахуалға, АИТВ /ЖИТС –тің  алдын алу шараларына, бүгінгі күнгі өзекті мәселенің бірі-ЖИТС-тің жыныстық таралу жолының көбеюі,салауатты өмір салтын ұстанып,бірлесіп бұл ауруды тоқтатуға болатындығы,міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі принциптері, қызметтің түрлері туралы ақпараттарға бөлінді.

Қызметкерлер қойған сұрақтарына  нақты жауаптар алды.Кездесуге 282 адам қатысып, видеоролик көрсетіліп, қатысушыларға оқу-ағарту құралдары таратылды.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey