Атырау облысында СӨСҚ орталығымен бірлескен мәжіліс

- admin_atsc
- 23.10.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2017 жылдың 18 қазанында ЖИТС орталығы мен СӨСҚО мамандары халықпен жастар арасында алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында бірлескен мәжіліс өткізді.
Шараның мақсаты – облыста АИТВ-ның алдын алу, 90-90-90 стратегиясына қол жеткізу, кампания уақытында бірлесіп халыққа ақпараттандыруды жүргізу, АИТВ мен өмір сүрушілерді қолдап, стигма мен дискриминацияға жол бермеу.
Мәжіліс барысында ЖИТС орталығының мамандары халықтың соның ішінде жастар мен бизнес құрылымдары арасындағы жүргізілетін шараларды күшейтуді таныстырып түсіндірді. Әр адам өзінің АИТВ статусын білуге, АИТВ мен өмір сүрушілерге төзімділікпен қарап, дискриминацияны болдырмау, 90-90-90 стратегиясының міндеттері туралы айтылды.