ЖИТС орталығы «Денсаулыққа құқық» тақырыбында лекция жүргізді

- admin_atsc
- 16.11.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2017жылдың 15 қарашасында облыстық ЖИТС орталығының мамандары ҰҚК, «Атырау Су Арнасы» АҚ, «АйсТрансХолдинг» ЖШС ұйымдарында «Денсаулыққа құқық» тақырыбында халыққа лекция жүргізді.
Лекция барысында АИТВ-ның облыстағы эпидемиологиялық ахуалы, алдын алу шаралары, соның ішінде жыныстық қатынас арқылы жұғудың жоғарылауына тоқталып, қоғамда бірлесіп салауатты өмір салтын сақтай отырып жұқпаны тоқтатуға болатындығы айтылды.
ҚР азаматтарына АИТВ жұқпасына тегін тексерілу туралы сұрақтар тыңдаушыларды қызықтырды. Ақпараттық оқу құралдары таратылды.