Атырау облыстық ЖИТС орталығының қатысуымен «Біз салауатты өмірді таңдаймыз» атты акция жастар арасында өткізілді

- admin_atsc
- 17.11.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2017 жылдың 8-ші қарашада Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы кампаниясы кезінде Атырау инженелік-гуманитарлық институтының және Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері арасында «Біз салауатты өмірді таңдаймыз» тақырыбында акция өткізілді. Шара барысында Атырау облыстық ЖИТС орталығының педагогы А.С.Тунгатарова АИТВ-инфекциясының аймақ бойынша эпидемиологиялық жағдайы, қауіпті мінез-құлық, АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары туралы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтары мен кемсітушілікке қатысты сұрақтарға тоқталды. Студенттер АИТВ жұқпасымен өмір сүретін адамдарға деген көзқарасты өзгерту, олардың құқықтары туралы, кемсітушілікті жою мақсатында форум-театр «Жақсы ДОС» атты қойылым қойды. Бейнетаспалар көрсетілді.Шара соңында ақпараттық буклеттер таратылды.