«Денсаулыққа құқық» акциясын ЖИТС орталығы өткізді

- admin_atsc
- 23.11.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2017 жылдың 17 қарашасында ЖИТС орталығының мамандары Дүниежүзілік ЖИТС –ке қарсы күні кампаниясы қарсаңында «Денсаулыққа құқық» ұранымен «АқЖайық-7» ЖШС-да кең көлемді акция өткізді. Акцияға СӨСҚО, ЖИТС, мекеме басшылары қатысты. Акцияны ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі М.Испергенова ашып, мекеме басшысы, СӨСҚ орталығының маманы сөз сөйледі.
Шара барысында №18 мектептің оқушылары АИТВ/ЖИТС –ң алдын алу тақырыбында қойылым көрсетіп, концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Залда сұрақ-жауап жүргізіліп, буклеттер таратылды. Акцияға 300 адам қатысып, өздерінің қалаулары бойынша АИТВ-ға 30 адам экспресс-тест тапсырды. Белсенді қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.