Атырау қаласындағы Жастар орталықтарымен кездесу

- admin_atsc
- 26.05.2021
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің мамандары Э. Ерғалиева, М.Баймуханова “Дені сау ұрпақ-ел болашағы” тақырыбында Атырау қаласының Жастар денсаулық орталықтарының өкілдерімен кездесу өткізді.
Жастардың АИТВ инфекциясы туралы білімін арттыру мақсатындаАИТВ-ның эпидемиологиялық ахуалы, берілу және алдын алу жолдары туралы толық ақпарат айтылды.
Қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, шара соңында ақпараттық және оқыту материалдары таратылды.