Исатай аудандық орталық ауруханасына семинар өткізілді

- admin_atsc
- 28.09.2021
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
23-24 қыркүйек аралығында Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары Г.А. Умарова және Т.С. Шаменов Исатай аудандық орталық ауруханасына АИТВ-ның алдын алу жұмыстары бойынша жоспарлы әдістемелік көмек көрсетті.
Іс-шара барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәрігерлер мен мейірбикелерге Республикалық ЖИТС орталығының 2015 жылғы 22 шілдедегі №39 бұйрығы «Медициналық ұйымдардың эпидемиологтарына АИТВ жұқпасы бойынша әдістемелік нұсқаулық », №211 бұйрыққа сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша халықты уақтылы тексеру, есеп беру құжаттарының толтырылуы туралы айтылып өтті.
Семинарға 7 дәрігер 23 мейірбике қатысты. Қойылған сұрақтарға жауап берілді.
comments powered by HyperCommentsBinance code
2025-05-04 17:59:58
Can you be more specific about the content of your article? After reading it, I still have some doubts. Hope you can help me.