Гемотрансфузиологтарға семинар өтті

- admin_atsc
- 09.06.2022
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2022 жылдың 8 маусымында Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2022 жылғы 31 мамырындағы № 223 бұйрығын орындау мақсатында облыстық және аудандық ауруханалардың гемотрансфузиологтары арасында «АИТВ жұқпасының гемотрансфузиялық жолмен берілуінің алдын алу» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Шараны орталықтың директоры Қ.Нұрмұханов және қан орталығының директоры Ж.Бахонов ашты. Сонымен қатар бөлім меңгерушілері облыстағы эпидемиологиялық ахуал мен гемотрансфузияға дейінгі АИТВ инфекциясына тексеру, реципиенттердің қанына иммундық гематологиялық зерттеулерді ұйымдастыру, қанды және оның компоненттерінің сапасын бақылау, сақтау мен өткізу тәртібі айтылып өтті. Қатысушылар тақырып аясында сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Қамтылғандар саны: 17 адам.
comments powered by HyperComments