Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Әдістемелік көмек көрсетілді

20-25  шілде аралығында Атырау  облыстық  ЖИТС  орталығының  мамандары  Исатай   аудандық орталық  ауруханасы мен  ЖШС «Doctor Plus Atyrau», «Park HealthWest» медицина қызметкерлері арасында АИТВ – инфекциясының  мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинарда мамандар Атырау  облысының  АИТВ жағдайы  бойынша  эпидемиологиялық ахуал, клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша контингенттерді АИТВ инфекциясына зерттеп-қарау туралы, АИТВ-инфекциясы кезіндегі сақтық шаралары,  апаттық жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер алгоритмі, стигма және дискриминация туралы  сұрақтарға тоқталды.

Шараға  60  медицина қызметкері қатысты.

 

 

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey