Халықтың негізгі топтары және аутрич қызметкерлер арасында семинар

- admin_atsc
- 16.09.2022
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2022 жылдың 15 қыркүйрегінде Атырау облыстық «ЖИТС-ке қарсы күрес» және «Салауатты өмір салтын қалыптастыру » ЖШС орталықтарының мамандары «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында халықтың негізгі топтары (ЕЖЕ) арасында семинар өткізді.
Семинарда алдын алу бөлімінің мамандары А.Абылгазиева, М.Баймуханова АИТВ жұқпасының алдын алу, қорғаныш шараларын сақтау мақсатында, АИТВ-статусын білудің маңыздылығын халықтың негізгі топтарына (ЕЖЕ) айттып өтті. Сонымен қоса, шара барысында аймақтың эпидемиологиялық ахуалы салыстырмалы түрде слайдпен, және тақырып аясында видеоролик көрсетілді.
Шараға қатысушы 1 аутрич қызметкер және 4 ЕЖЕ тобының өкілі мамандардан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар алып, пікір алмасты.
Шара соңында қатысушылар арасынанан еріктілер жедел тест тапсырып өз статустарын білді.