Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау қаласының оқушыларымен семинар

2022 жылғы 21-22 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған акция аясында облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы М. У Баймуханова Жамбыл, Амангелді, Оңғарсынова атындағы мектептердің жоғарғы сынып оқушылары арасында” Теңдік уақыты ” тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: оқушылардың АИТВ / ЖИТС туралы білім деңгейін және олардың денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру.
Тыңдаушылардың назары облыстағы эпидемиологиялық жағдайға, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және алдын алу шараларына, өз статусын білудің маңыздылығына аударылды.
Іс-шара барысында АИТВ / ЖИТС туралы бейнероликтер көрсетіліп, 73 ақпараттық жадынама таратылды және көптеген сұрақтарға жауаптар берілді.
comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey