Тақырыбы:«АИТВ инфекциясын алдын алу,нашақорлықтың адам ағзасына зияны,темекі шегудің алдын алу және электронды темекі адам ағзасына зияны»

- admin_atsc
- 09.06.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2023 жылы маусым айында Атырау облыстық ЖИТС орталығының нарколог-дәрігер С.Каюпов «С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғарғы колледжінде» студенттер арасында семинар өткізді.
Шара барысында дәрігер «АИТВ-жұқпасы» ұғымы, таралу жолдары, оның алдын алу шаралары жайлы ақпараттармен шектеліп қалған жоқ, сонымен қатар нашақорлықтың алдын алу шаралары, зиянды әдеттерден аулақ болуға және электронды темекінің адам ағзасына қаншалықты зиян келтіретінін,күшті әсер ететін улы заттардан аулақ болуға, алькоголдік ішімдіктерді қолданбаудың маңыздылығын еске салды.
Сөз соңында маман жастарға әрбір адам өзінің АИТВ-инфекциясының статусын білуі керек екенін, оның анализін емханада немесе ЖИТС орталығынан тапсыруға, анонимді тестілеу және кеңес беру үшін Достық кабинетін пайдалануға болатынын атап өтті. Студенттер сұрақтарын қойып дәріске белсенді қатысты.
comments powered by HyperComments