Индер аудандық орталық ауруханасына семинар өткізілді

- admin_atsc
- 29.10.2024
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
17-18 қазан аралығында Атырау облыстық АИТВ орталығының мамандары Р.Т.Мукановажәне Д.О. Жарылғасова Индер аудандық орталық ауруханасына АИТВ-ның алдын алу жұмыстары бойынша жоспарлы әдістемелік көмек көрсетті.
Іс-шара барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәрігерлер мен мейірбикелерге Республикалық ЖИТС орталығының 2015 жылғы 22 шілдедегі №39 бұйрығы «Медициналық ұйымдардың эпидемиологтарына АИТВ жұқпасы бойынша әдістемелік нұсқаулық », №211 бұйрыққа сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша халықты уақтылы тексеру, есеп беру құжаттарының толтырылуы туралы айтылып өтті.
Семинарға дәрігерлер мен мейірбикелер қатысты. Қойылған сұрақтарға жауап берілді.
comments powered by HyperComments