Мамандандырылған күзет қызметімен кездесу

- admin_atsc
- 26.11.2024
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
ҚР ІІМ “ Атырау облыстық мамандандырылған күзет қызмет басқармасы” ММ-нің өкілдерімен кездескен Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлім меңгерушісі А.Ж.Абылғазиева, дәрігер- эпидемиолог Р. Мұқанова АИТВ және ЖИТС-тің адам өміріне зияны мен одан қорғанудың жолдарын түсіндірді. Кездесуге қатысқандар көкейде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды.
Сонымен қатар, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ерікті қызметкерлері жедел тест тапсырды. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған дәріс барысында түрлі сауалдар талқыланып, жауаптар берілді.