Салауатты өмір – АИТВ/ЖИТС-тен қорғанудың кепілі!
- admin_atsc
- 24.11.2025
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша “Салауатты өмір – АИТВ/ЖИТС-тен қорғанудың кепілі!” атты танымдық семинар өтті
Қатысушы саны: 370 оқушы
Республикалық науқан аясында АИТВ орталығының дәрігер-эпидемиологы Жұлдыз Тулемисова және Мереке Баймұханова BINOM мектебіне арнайы барып, оқушыларға жан-жақты әрі мазмұнды ақпараттық семинар өткізді.
Семинар барысында оқушылар:
• АИТВ/ЖИТС инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары,
• қауіп факторлары мен дұрыс мінез-құлық дағдылары,
• жеке жауапкершілік пен салауатты өмір салтының маңызы
туралы кеңінен мәлімет алды.
Шараның мақсаты – жасөспірімдердің ақпараттық сауаттылығын арттыру, қауіпті жағдайлардың алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру.
comments powered by HyperComments










