ЖШС «Источник» қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
- admin_atsc
- 25.06.2026
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары мен Атырау көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары ЖШС «Источник» қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында АИТВ инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары, инфекциядан қорғану шаралары, ерте анықтау мен уақтылы тестілеудің маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ қатысушыларға инфекциялық аурулардың алдын алу, жеке гигиена талаптарын сақтау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді. Іс-шара соңында мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық жадынамалар таратты.
comments powered by HyperComments










