Достармед Престиж медициналық орталығында АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізді
- admin_atsc
- 31.07.2026
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары «Достармед Престиж» медициналық орталығының қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Іс-шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары, ерте анықтаудың маңызы, тестілеуден уақтылы өтудің қажеттілігі және стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.
comments powered by HyperComments










