АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
- admin_atsc
- 01.10.2026
- Видео, Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Қызылқоға аудандық ауруханасында АИТВ инфекциясының алдын алу және оның таралуын болдырмау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға АИТВ инфекциясы туралы жалпы ақпарат беріліп, оның негізгі жұғу жолдары, алдын алу және сақтану шаралары кеңінен түсіндірілді. Мамандар жеке қауіпсіздік талаптарын сақтау, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды ұстанудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар АИТВ инфекциясын ерте анықтауда уақтылы тестілеуден өтудің маңызы атап өтілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті жауаптар алды.
Осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары халықтың АИТВ инфекциясы туралы білімін арттыруға, медициналық сауаттылығын көтеруге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.
comments powered by HyperComments










